← Все статьи

СМИ о нас

Ұлттық дәмнің жаңғыруы: Астанада «Абай елінен сарқыт» дүкені техникалық тұрғыда жұмыс істеп тұр

Ұлттық дәмнің жаңғыруы: Астанада «Абай елінен сарқыт» дүкені техникалық тұрғыда жұмыс істеп тұр

04.05.2026Адас АС131 просмотров
Ұлттық дәмнің жаңғыруы: Астанада «Абай елінен сарқыт» дүкені техникалық тұрғыда жұмыс істеп тұр

Астана төрінде ұлттық дәм мен дәстүрді ұлықтаған жаңа мекен – «Абай елінен сарқыт» дүкені өз есігін айқара ашты. Бұл – ата-бабадан қалған асыл мұраны бүгінгі күнмен жалғап, табиғи әрі таза өнімдерді ұсынатын ерекше орын. Дүкен сөрелерінен көздің жауын алатын сан түрлі ұлттық тағамдарды кездестіруге болады. Қазақы дастарқанның сәнін келтіретін бауырсақтың неше алуан түрі, дәмі тіл үйіретін жент, талқан, құрт – барлығы да дәстүрлі тәсілмен дайындалған. Әсіресе, табиғи құрамымен ерекшеленетін «Ас Тал» коктейлі мен балаларға арналған «Халасиктер» өнімдері денсаулыққа пайдалы әрі сапасымен дараланады.

Бұл өнімдердің барлығы еліміздегі ұлттық тағам өндірісінде өзіндік орны бар «Адал ас» компаниясының еңбегі. Компания ежелден қолданылған бидай мен тары өнімдерін жаңғыртып, олардың құнарын сақтай отырып, заманауи тұтынушыға лайықтап ұсынуда. Табиғилық пен сапаны ту еткен бұл өнімдер – халық денсаулығына жасалған қамқорлықтың айқын көрінісі.

«Абай елінен сарқыт» дүкені – тек сауда орны ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін рухани кеңістік іспетті. Мұнда келген әрбір жан қазақтың дархан дастарқанының дәмін сезініп, ата дәстүрмен қайта қауышқандай әсер алады.

Дүкен Астана қаласы, Әнет баба көшесі 3 мекенжайында, «Амстердам» тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан. ("Бармалейка" дүкені жанында) Елорда тұрғындары үшін енді табиғи, таза әрі дәстүрлі өнімдерді қолжетімді жерден алу мүмкіндігі туып отыр.

Ұлттық тағам – ұлттың жаны. Ал сол жанды жаңғыртып, келер ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет. «Абай елінен сарқыт» дүкені осы игі жолда өз үлесін қосып келеді.

ADAL AS

Больше натуральных продуктов

Открыть каталог →