← Все статьи

СМИ о нас

«Шәкәрім оқулары» байқауының республикалық кезеңі мәресіне жетті

«Шәкәрім оқулары» байқауының республикалық кезеңі мәресіне жетті

21.04.2026Адас АС101 просмотров
«Шәкәрім оқулары» байқауының республикалық кезеңі мәресіне жетті

21 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ғимаратында IV республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті. Биылғы білім бәйгесі еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас дарындардың басын қосып, ерекше мазмұнды әрі тартысты болды. Ауқымды шараға 13 облыстан, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан 5–8 сынып оқушылары қатысып, жоғары белсенділік танытты. Облыстық кезеңде үздік атанған 15 оқушы елордадағы финалға жолдама алып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы бойынша білімдерін көрсетіп, оның мұрасын терең түсінетіндерін дәлелдеді.

Шараның ашылу салтанатында "Адал Ас" компаниясының құрылтайщысы, демеуші Ермек Асылғазыұлы Мезібаев сөз сөйлеп, жас талапкерлерге сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, жастардың білімге деген құштарлығын жоғары бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталды:

Бас жүлдені Жетісу облысы, Қаратал ауданынан келген Жасбатыр Жанәділ иеленді.

І орынды Абай облысы, Аягөз ауданынан Аружан Скак пен Ақтау қаласынан Айназым Болат бөлісті.

Ал ІІІ орын Алматы облысы, Қарасай ауданынан қатысқан Амантай Қанатбекке бұйырды.

«Шәкәрім оқулары» – жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды алаң. Осындай байқаулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті шыңдалып, қазақ әдебиетінің асыл мұрасына деген құрметі арта түсетіні сөзсіз.

ADAL AS

Больше натуральных продуктов

Открыть каталог →