← Все статьи

СМИ о нас

«Адал Ас» – ұлттық өнім мен әлеуметтік жауапкершілікті ұштастырған серіктестік

«Адал Ас» – ұлттық өнім мен әлеуметтік жауапкершілікті ұштастырған серіктестік

17.10.2026Адас АС114 просмотров
 «Адал Ас» – ұлттық өнім мен әлеуметтік жауапкершілікті ұштастырған серіктестік

Қаламыздағы іскер әйелдер ұлттық өнім өндірумен айналысатын «Адал Ас» компаниясында болды. Олар серіктестіктің өндірістік жұмысымен танысып, отандық өнім өндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және әлеуметтік жауапкершілік бағытында өзара пікір алмасты. Шара аясында қонақтар «Адал Ас» компаниясының өндіріс барысын көріп, өнімдердің дайындалу ерекшеліктерімен танысты. Ұлттық тағамдарды өндіру арқылы дәстүрлі ас мәзірін жаңғыртып, халыққа сапалы өнім ұсынуды мақсат еткен компанияның жұмысы қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Кездесудің маңызды бөлігі Жас Абай мектебінде жалғасын тапты. Мұнда қонақтар «Адал Ас» компаниясының әлеуметтік маңызымен танысып, кәсіпкерліктің қоғам игілігіне бағытталған қырларына назар аударды. Бұл бастама ұлттық өнім өндірумен қатар, әлеуметтік мәні бар жобаларды дамыту мен қоғамға пайда әкелудің маңызын көрсетті.

Сонымен қатар қатысушылар «Абай елінен сарқыт» дүкеніне барып, ұсынылған өнім түрлерімен танысты. Дүкен сөрелеріндегі ұлттық тағамдардан дәм татып, отандық өнімдердің ерекшелігін бағалады.

Мұндай кездесулер жергілікті кәсіпкерлердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Әсіресе, ұлттық дәстүрді заманауи кәсіппен ұштастырып, әлеуметтік жауапкершілікті қатар алып жүрген бастамалардың маңызы зор.

«Біздің басты мақсатымыз – ұлттық тағамдарымызды дәріптеп, сапалы әрі табиғи өнімдерді халыққа ұсыну. “Адал Ас” компаниясы үшін ұлттық құндылықтарды сақтау мен оны кейінгі ұрпаққа жеткізу – маңызды міндеттердің бірі. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті әлеуметтік жауапкершілікпен ұштастырып, қоғамға пайдамызды тигізуге басымдық береміз. “Абай елінен сарқыт” дүкені де осы бағыттағы жұмыстарымыздың жалғасы. Біз мұнда халқымыздың дәстүрлі тағамдарын кеңінен таныстырып, тұтынушыларға ұлттық дәмді ұсынуды көздейміз. Осындай кездесулер тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және ортақ бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді», – деді компания директоры Раушан Мұқажанова.

«Адал Ас» компаниясының қызметі – ұлттық тағамдарды дәріптеу, жергілікті өнімнің әлеуетін таныту және қоғаммен тығыз байланыс орнату бағытындағы игі қадамдардың бірі. Ұлттық құндылықты ұлықтаған осындай бастамалар ел игілігіне қызмет ете бермек.

ADAL AS

Больше натуральных продуктов

Открыть каталог →