← Все статьи

СМИ о нас

«Адал Ас» компаниясының ұжымы Шошқалы көліне саяхат жасады

«Адал Ас» компаниясының ұжымы Шошқалы көліне саяхат жасады

28.07.2025Адас АС345 просмотров
 «Адал Ас» компаниясының ұжымы Шошқалы көліне саяхат жасады

Ұлттық өнімдер өндірумен айналысатын «Адал Ас» компаниясының жұмысшылары шілде айының соңғы демалыс күнін ерекше түрде өткізді. Олар табиғаты әсем, әрі емдік қасиетімен кеңінен танымал Шошқалы көліне (ел ішінде «Тұзды көл» деп аталады) барып, таза ауада демалып, табиғи ем-дом қабылдап қайтты.

Компания басшылығы тарапынан ұйымдастырылған бұл іс-шараның негізгі мақсаты – еңбек ұжымының рухын көтеріп, бір-бірімен етене араласуға мүмкіндік жасау және жұмысшылардың денсаулығын жақсартуға қолдау білдіру. Демалыс барысында ұжым мүшелері көлге түсіп, емдік балшығымен шипа қабылдап, жағалауда түрлі спорттық ойындар ойнады.

– Табиғат аясындағы мұндай демалыс бізге жаңа күш-жігер береді. Ұжымда жақсы көңіл-күй қалыптасты. Басшылыққа алғысымыз шексіз, – дейді компания жұмысшылары.

«Адал Ас» компаниясы осындай әлеуметтік және рухани маңызы бар шараларды тұрақты түрде өткізіп тұруды дәстүрге айналдырған. Бұл ұжымдық мәдениетті нығайтып, қызметкерлердің өз кәсібіне деген ынтасын арттыра түсетіні сөзсіз.

ADAL AS

Больше натуральных продуктов

Открыть каталог →