← Все статьи

СМИ о нас

Адал Ас компаниясы Конституция күнімен құттықтайды

Адал Ас компаниясы Конституция күнімен құттықтайды

30.08.2025Адас АС231 просмотров
Адал Ас компаниясы Конституция күнімен құттықтайды

Құрметті қазақстандықтар!

«Адал Ас» ұлттық өнім өндіруші компаниясы баршаңызды еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды!

1995 жылы қабылданған Ата Заңымыз – тәуелсіздігіміздің берік тірегі, ел бірлігінің кепілі. Конституция – халқымыздың ар-намысы мен болашаққа деген сенімін айқындайтын басты құжат. Осы тарихи құжаттың арқасында мемлекетіміз заң үстемдігіне, әділеттілікке, тұрақтылық пен өркендеуге бағыт алды.

Біз, «Адал Ас» компаниясы, өз өнімімізбен ел тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, отандық өндірісті дамыту арқылы Отанымыздың экономикалық әл-ауқатына өз үлесімізді қосып келеміз. Ұлттың денсаулығы мен болашағы – адал әрі сапалы астан басталатынына сенеміз!

Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бірлік пен береке тілейміз. Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Конституция күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
«Адал Ас» компаниясы

ADAL AS

Больше натуральных продуктов

Открыть каталог →