← Все статьи

СМИ о нас

«Адал Ас»: қайырымдылық пен қамқорлық үлгісі

«Адал Ас»: қайырымдылық пен қамқорлық үлгісі

29.05.2026Адас АС86 просмотров
«Адал Ас»: қайырымдылық пен қамқорлық үлгісі

Қаламыздағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары ұлттық өнімдер өндіретін «Адал Ас» компаниясында болып, мекеме ұжымына алғыс хат табыстады. Алғыс хатта компанияның 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай тыл еңбеккерлеріне көрсеткен демеушілігі мен қамқорлығы үшін шынайы ризашылық білдірілген. Орталық мамандары қарттарға әрдайым қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып жүрген кәсіпорынның еңбегін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында орталық қызметкерлері қариялардың «Адал Ас» компаниясы шығаратын ұлттық тағамдарды сүйсіне тұтынатынын жеткізді. Әсіресе, талқан мен бауырсақ өнімдері үлкендердің көңілінен шығып, дастарқандарының сәніне айналған.

– Қарттарымыз ұлттық дәмдерді ерекше жақсы көреді. Сіздердің талқандарыңыз бен бауырсақтарыңызды әрдайым ризашылықпен жейді. Бұл – үлкендер үшін тек тағам ғана емес, өткен күндердің жылы естелігі мен ұлттық дәстүрдің дәмі, – деді орталық мамандары.

Өз кезегінде «Адал Ас» компаниясының өкілдері қоғамның әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету – адамгершілік парыз екенін атап өтті. Компания алдағы уақытта да игі бастамаларға атсалысып, қарияларға қамқорлық көрсету жұмыстарын жалғастыра бермек. Осындай қайырымды істер қоғамдағы мейірім мен жанашырлықтың жарқын үлгісі екені сөзсіз.

ADAL AS

Больше натуральных продуктов

Открыть каталог →