← Все статьи

СМИ о нас

1-сыныпқа қадам — үлкен өмірге бастама!

1-сыныпқа қадам — үлкен өмірге бастама!

01.09.2025Адас АС260 просмотров
1-сыныпқа қадам — үлкен өмірге бастама!

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Адал Ас компаниясының Құрылтайшысы Ермек Мезібаев жаңа оқу жылының басталуына орай ерекше қуаныш иелерін – балалары 1-сыныпқа қадам басқан ата-аналарды құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады.

Бұл — тек материалдық қолдау ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың білімге жасаған алғашқы қадамында шабыт сыйлайтын рухани демеу. Жұмысшылар компания басшылығының қамқаорлығын жоғары бағалап, алғыстарын білдірді.

Ермек Мезібаев мырза әрқашан адам капиталына ерекше мән беріп, ұжымдағы жылы қарым-қатынасты нығайтуды басты құндылықтардың бірі санайды. Бұл бастама — компанияның әлеуметтік жауапкершілігі мен қызметкерлеріне деген шынайы қамқорлығын айқын көрсетеді.

Адал еңбекті бағалай білетін, ұлттық болмыс пен адамгершілік құндылықтарды қатар ұстанған Адал Ас компаниясы үшін әлеуметтік қолдау басты назарда.

Адал Ас — адал ниет, шынайы қолдау!

ADAL AS

Больше натуральных продуктов

Открыть каталог →