← Барлық мақалалар

БАҚ біз туралы

Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының шешуші кезеңі өтті

Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының шешуші кезеңі өтті

21.04.2026Адас АС100 қаралым
Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының шешуші кезеңі өтті

Астанада республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл білім додасы биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды оқушылардың басын қосты. Биылғы байқауға 13 облыс пен Астана және Алматы қалаларынан жалпы 2000-ға жуық оқушы қатысуға өтінім білдірген. Солардың ішінен іріктеуден сүрінбей өткен ең үздік 15 үміткер финалдық кезеңде бақ сынады. Әр өңір өздерінің үздік деп таныған жас шәкірімтанушыларын Астанаға арнайы жіберіп, үлкен сенім артқан.

«Адал Ас» компаниясының құрылтайшысы Ермек Мезібаев байқаудың ауқымы мен маңыздылығына тоқталды: 

Биылғы байқауға 13 облыс пен Астана және Алматы қалаларынан жалпы 2000 бала қатысуға өтінім берген екен. Ал ақтық сында оза шапқан 15 үміткер қатысуда», – деп атап өтті. Сонымен қатар, ол әр облыстың бұл байқауға ерекше дайындықпен келгенін жеткізіп, «Астанаға әр облыс үздік деп таныған жас шәкірімтанушыны өкіл етіп жіберіпті, – деді ол.

Байқаудың әділ өтуі үшін қазылар алқасының құрамына тәжірибелі шәкірімтанушы ғалымдар мен әдебиеттанушылар тартылған. 

Бұл қатысушылардың білімін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді. Байқауға шәкірімтанушы ғалымдар, әдебиеттанушылар қазылық етуде, – деді Ермек Мезібаев.

Жалпы, «Шәкәрім оқулары» – тек білім жарысы ғана емес, ұлы ойшылдың мұрасын жас ұрпақтың бойына сіңіретін тағылымды алаң. Мұндай шаралар жастардың рухани дамуына серпін беріп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра түседі.

ADAL AS

Табиғи өнімдер әлемі

Каталогты ашу →