← Барлық мақалалар

БАҚ біз туралы

Ғасыр құрдасына құрмет: Семейлік тыл ардагері Анна Казаченко 110 жасқа толды

Ғасыр құрдасына құрмет: Семейлік тыл ардагері Анна Казаченко 110 жасқа толды

20.05.2026Адас АС103 қаралым
Ғасыр құрдасына құрмет: Семейлік тыл ардагері Анна Казаченко 110 жасқа толды

Анна Федоровна Казаченко — ғасырдың куәсі, тыл еңбеккері, тағдырлы дәуірдің тірі шежіресі. Биыл Семей қаласының қадірлі тұрғыны 110 жасқа толып отыр. Ел тарихымен бірге жасап келе жатқан ардагерді мерейтойымен құттықтауға қала басшылығы мен кәсіпкерлер арнайы барды. Ғасыр жасаған кейуананы құттықтаушылар қатарында Семей қаласының Әділет Қожанбаев, жергілікті кәсіпкерлер және «Адал Ас» компаниясының  Құрылтайшысы Ермек Мезібаев болды. Қонақтар ардагерге жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпат табыстады.

Анна Федоровна – сұрапыл соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, елдің еңсесін көтеруге үлес қосқан жандардың бірі. Оның ғұмыры – төзім мен табандылықтың, еңбек пен адамгершіліктің айқын үлгісі. Осындай ардақты жандарға құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы.

Кездесу барысында қонақтар ғасыр құрдасының өмір жолына қызығушылық танытып, әңгімелесті.. Ардагер өз кезегінде ел амандығын тілеп, жастарға бірлік пен еңбекқорлықтың маңызын айтты.

110 жасқа толған Анна Федоровна Казаченконың мерейтойы – тек бір әулеттің емес, тұтас Семей жұртшылығының қуанышы. Мұндай тағылымды ғұмыр иелеріне құрмет көрсету қоғамдағы сабақтастық пен рухани құндылықтардың айқын көрінісі болып қала бермек.

ADAL AS

Табиғи өнімдер әлемі

Каталогты ашу →