← Барлық мақалалар

БАҚ біз туралы

Астанада өткен BAIQYMYZ гастрофестивалі ұлттық тағамдарды дәріптеудің ауқымды алаңына айналды

Астанада өткен BAIQYMYZ гастрофестивалі ұлттық тағамдарды дәріптеудің ауқымды алаңына айналды

21.07.2025Адас АС257 қаралым
Астанада өткен BAIQYMYZ гастрофестивалі ұлттық тағамдарды дәріптеудің ауқымды алаңына айналды

Астана қаласында өткен BAIQYMYZ гастрофестивалі ұлттық тағамдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін насихаттайтын ірі мәдени-аспаздық шара ретінде жоғары деңгейде өтті. Бұл фестиваль Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үздік өнім өндірушілердің басын қосып, ұлттық құндылықтарымызды паш етті.

Фестиваль аясында қонақтар мен сарапшылар табиғи таза өнімдердің дәмі мен сапасын бағалап, отандық тауар өндірушілердің еңбегіне оң баға берді. Әсіресе, "Адал Ас" ұлттық тағамдар компаниясы өз өнімдерін ұсыну арқылы келушілердің ыстық ықыласына бөленді.

Фестиваль қорытындысы бойынша Абай облысы, Абай ауданы, Саржал ауылынан келген «Жаныс» шаруа қожалығы бас жүлдені иеленіп, 20 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бұл жеңіс олардың сапалы әрі дәстүрлі өнім өндірудегі табандылығының нәтижесі ретінде бағаланды.

Екінші орынға ие болған Қарағанды облысы, Қарқаралы өңірінің «Қарыншы» шаруа қожалығы 15 миллион теңгемен марапатталса, үшінші орын және 10 миллион теңге сыйақы Ақмола облысы, Бурабай ауданынан келген «Қымызынай» өнімінің еншісіне тиді.

Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды құттықтап, олардың қазақ гастрономиясын дамытуға қосқан үлестерін ерекше атап өтті. BAIQYMYZ гастрофестивалі ұлттық тағамдарды заманауи үлгіде дәріптеп, ауыл шаруашылығына серпін беретін маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

ADAL AS

Табиғи өнімдер әлемі

Каталогты ашу →