← Барлық мақалалар

БАҚ біз туралы

«Адал Ас» компаниясының құрылтайшысы Ермек Мезібаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

«Адал Ас» компаниясының құрылтайшысы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

23.10.2026Адас АС116 қаралым
«Адал Ас» компаниясының құрылтайшысы Ермек Мезібаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Республика күні қарсаңында ұлттық өнімдер өндіретін «Адал Ас» компаниясының құрылтайшысы Ермек Асылғазыұлы Мезібаев мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл марапат – отандық өндірісті дамытуға, ұлттық өнімдердің сапасын арттыруға және ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегіне берілген лайықты баға. «Адал Ас» компаниясы ұлттық өнімдерді өндіруді, отандық тұтынушыларға сапалы әрі сенімді өнім ұсынуды мақсат етеді. Компанияның қызметі ұлттық тағам мәдениетін дәріптеуге, отандық өндірістің дамуына және қазақстандық өнімдердің сұранысын арттыруға бағытталған.

Ермек Асылғазыұлы Мезібаевтың мемлекеттік наградамен марапатталуы – кәсіпкердің еңбегіне көрсетілген құрмет әрі отандық өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға деген жоғары бағаның белгісі. Республика күні – елдіктің еңсесін көтеріп, тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін дәріптейтін маңызды мереке. Осындай айтулы күн қарсаңында берілген марапаттың мәні зор.

Ермек Асылғазыұлы Мезібаевты жоғары марапатымен құттықтаймыз! Еңбегіне табыс, бастамаларына береке тілейміз. Отандық өндірісті дамыту жолындағы жұмысына толағай жетістіктер серік болсын!

ADAL AS

Табиғи өнімдер әлемі

Каталогты ашу →