← Барлық мақалалар

БАҚ біз туралы

«ADАL AS» компаниясы “Қазақстанның үздік тауары” және “Бір ауыл – бір өнім” көрме-байқауына қатысты

«ADАL AS» “Қазақстанның үздік тауары” және “Бір ауыл – бір өнім” көрме-байқауына қатысты

10.07.2025Адас АС259 қаралым
«ADАL AS» компаниясы “Қазақстанның үздік тауары” және “Бір ауыл – бір өнім” көрме-байқауына қатысты

Бүгін Семей қаласында “Қазақстанның үздік тауары” және “Бір ауыл – бір өнім” жобасы аясында өңірлік көрме-байқау ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жергілікті кәсіпкерлерге өз өнімдерін көпшілікке таныстырып, жаңа серіктестер табуға мүмкіндік беру, сондай-ақ отандық өнімдерді қолдау арқылы өңірлік экономиканы дамыту.

Көрме-байқауға Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, кәсіпкерлердің еңбегін жоғары бағалады. Ол өз сөзінде өңірдегі өндірістің дамуы мен кәсіпкерлікті қолдау – басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Көрме аясында ұлттық өнім өндіретін "Адал Ас" компаниясы да өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. 

 

15 жылдан астам уақыт бойы халықты табиғи таза өнімдермен қамтамасыз етіп келе жатқан компанияның өнімдері қала тұрғындары арасында ғана емес, жақын және алыс шетел нарығында да кеңінен танымал. Компанияның үздік қызметкерлері БАҚ өкілдеріне ұлттық өнімнің пайдасы мен тиімділігі туралы пікірлерімен бөлісті.  

Берік Уәлиұлы компанияның жаңа өнімі – “Ас Тал” коктейлімен кеңінен танысып, бұл өнімнің қазіргі уақытта тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие екенін айтты. Аймақ басшысы көрме павильондарын аралап, жергілікті өндірушілердің тауарларын жоғары бағалады. 

Шара аясында әртүрлі бағытта жұмыс істейтін ондаған кәсіпорын өз өнімдерін таныстырып, іскерлік байланыстар орнатты. Мұндай көрмелер жергілікті кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, отандық өнімнің сапасын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

Көрмеге қатысып, қолдау танытқаны үшін "Адал Ас" компаниясы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Алғыс хатымен марапатталды.

ADAL AS

Табиғи өнімдер әлемі

Каталогты ашу →