Ұлттық нақыштағы табиғи өнімдерді бағалайтын жандар үшін сүйінші жаңалық! Енді Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласының тұрғындары отандық өнім өндіретін «Адал ас» компаниясының «Абай елінен сарқыт» дүкенінен қалаған тәтті-дәмділерін сатып ала алады. Қазақтың дастарханын айшықтайтын дәстүрлі тағамдар мен заманауи кондитерлік өнімдер бір жерден ұсынылып отыр. Дүкен сөрелерінен бауырсақ пен женттің сан алуан түрін, түрлі кондитерлік тәттілерді табуға болады. Табиғи өнімдерден әзірленген ұлттық тағамдар күнделікті дастарханға да, мерекелік отырысқа да жарасымды.

Бауырсақ – қазақ дастарханының ажырамас бөлігі. Ал жент – ұлттық тағамдардың ішінде өзіндік орны бар ерекше тәтті. «Адал ас» өнімдерінен дәстүрлі дәмді заманауи талғаммен үйлестіріп, отбасыңызға ұсынуға болады. Өнім түрлерінің көптігі әр талғамға сай таңдау жасауға мүмкіндік береді. Ересектермен қатар балаларға да пайдалы әрі дәмді тағамдарды ұсынуға болады.

Қазақ халқында қонаққа құр қол бармаған. Дәмнен ауыз тигізіп, сарқыт беру – ежелден келе жатқан жақсы дәстүр. Осы ретте «Абай елінен сарқыт» қоржындары – жақын-жуыққа, дос-жаранға немесе арнайы қонаққа апаруға болатын ерекше сыйлық. Ұлттық өнімдерден жинақталған мұндай қоржын қазақы дәстүрді дәріптеп қана қоймай, туған жердің дәмін өзгеге таныстырудың да жақсы жолы.

Бүгінде тұтынушылар өнімнің дәмімен қатар, оның сапасы мен құрамына да мән береді. Табиғи әрі ұлттық өнімдерге деген қызығушылықтың артуы – осының айқын көрінісі. «Абай елінен сарқыт»дүкенінің Өскеменде ашылуы – Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін ұлттық дәмді алыстан іздемей, өз қаласынан сатып алуға мүмкіндік береді. Күнделікті шай дастарханына бауырсақ пен жент таңдап, мерекеге тәттілер алып немесе қонаққа «Абай елінен сарқыт» қоржынын апаруға болады.
Ұлттық дәмді дәріптеп, табиғи өнімді ұсынған «Адал ас» енді Өскемен тұрғындарына да жақын. Дәстүрдің дәмін бірге сезінейік!
