«Шәкәрім оқулары» – жас ұрпақтың рухани дамуына жол ашқан жоба

«Шәкәрім оқулары» – жас ұрпақтың рухани дамуына жол ашқан жоба

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 29 | 18.04.2026

Биылғы республикалық «Шәкәрім оқулары» дәстүрлі түрде 21 сәуір күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтпек. «Адал Ас» компаниясының демеушілігімен ұйымдастырылып отырған бұл байқау биыл төртінші рет қолға алынуда. Жыл сайын ауқымы кеңейіп, қатысушылар қатары көбейіп келе жатқан жоба жас ұрпақтың рухани дамуына бағытталған маңызды алаңға айналды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, терең ой мен білімге құштарлықты арттыруды мақсат еткен бұл байқау бүгінде ел көлеміндегі маңызды мәдени-білім беру шараларының бірі саналады. Алдымен барлық облыстарда іріктеу кезеңдері өтіп, үздік деп танылған оқушылар республикалық кезеңге жолдама алады. Байқау шарты бойынша қатысушылар тек Шәкәрім өлеңдерін жатқа айтып қана қоймай, оның өмірі мен шығармашылығын да терең меңгеруі тиіс. Нәтижесінде, іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен ең үздік 20 оқушы финалда өзара бақ сынайды.

«Адал Ас» компаниясының құрылтайшысы Ермек Мезібаев бұл бастаманың маңызды екенін айтады. 

Жалпы, бұл байқау жас ұрпақтың рухани дамуын дәстүрге ұштастыратын жобаға айналғанына куә болып отырмыз. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Бұл балалардың ұлттық құндылықтарға, құрметі, білімге деген қызығушылығының белгісі,-деп атап өтті ол.

Расында да, «Шәкәрім оқулары» тек білім жарысы ғана емес. Ол – ұлы ойшылдың мұрасын жас буынға жеткізіп, олардың санасына рухани сәуле түсіретін тағылымды мектеп. Осы орайда Ермек Мезібаев:

Бұл сайыс тек білім жарысы емес, Шәкәрім ілімін жас жүректерге жеткізіп, олардың санасына сәуле түсіретін, өмірлік бағдар беретін рухани мектеп десек те болады», – деп атап өтті.

Осындай мазмұнды шаралар арқылы өскелең ұрпақ ұлттық рухпен сусындап, өз тамырын тереңірек танып келеді. Биылғы байқау да өз деңгейінде өтіп, дарынды оқушылардың дарынын шыңдауға үлкен мүмкіндік бермек. Ермек Мезібаев барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта да жобаның жалғасатынына сенім білдірді.

Танымал өнімдер

Талқан

Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент

Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ

Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

  • Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол.
  • Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
  • Ағзаны токсиндерден тазартады.
  • Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
  • Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
  • Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

8 700 717 3485

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу