"Адалдық жүрген жерде, өмірдің өзі көркем".
"Адал АС" –Ұлттық тағамдар өндіретін компания. Экологиялық табиғи таза өнімдерді қоспасыз дайындайтындығымен ерекшеленеді. Біздің мақсатымыз – Ұлттық тағамның құндылығы мен құнарлылығын халыққа насихаттау. Сапасын арттыру.
Компания 2009 жылдан бері халқымызға ұлттық тағамдарды ұсынып келеді. Өнімдеріміз өте дәмді, әрі пайдалы.
Біздің мақсатымыз – әр үйге дәстүрлі қазақ тағамдарының дәмін жеткізу және олардың денсаулыққа пайдалы қасиеттерін сақтау.
Біз тек табиғи және экологиялық таза ингредиенттерді қолданамыз.
Нарықта жұмыс істеп келе жатыр
Өнім түрлері
Халықаралық көрме
«ADAL AS» жыл сайын «HALAL EXPO» көрмесіне тұрақты қатысып келеді. Компания Шымкент, Астана және Алматы қалаларында өткен көрмелерде де өз өнімдерін таныстырған.
Ұлттық өнімдер Дубайдағы «Gulfood» көрмесінде ұсынылып, 2023 жылы компания «Qaz Trade» делегациясымен Әзірбайжан мен Қытайда ұйымдастырылған көрмелерге қатысты.
Компания жұмысшыларды тегін түскі аспен қамтамасыз етеді және жыл соңында сыйақы тағайындайды. Жыл сайын 1-сыныпқа барған балаларға оқу құралдарына қаражат бөлінеді.
Компания қызметкерлері жапониялық КАЙДЗЕН жүйесі бойынша тренингтерге қатысып, тиімді жұмыс әдістерін үйренеді. Сондай-ақ компания ұжымы мәдени шараларға да қатысып, театр қойылымдарын тамашалайды.
"Адал АС" өнімдері тек табиғи және экологиялық таза компоненттерден дайындалады.
Өндіру бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл өнімдердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Біз өнімдерімізге тек ең таза және жоғары сапалы отандық шикізат таңдаймыз.
Өнімдер қатаң технологиялық бақылауда жасалады. Бұл сапа стандарттарына сай болуын қамтамасыз етеді.
Өнімдеріміз сақтау талаптарына сай тұтынушыларға жеткізіледі.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.
Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі. Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді. Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ