Ризашылыққа толы кездесу: Жас Абай мектебінің түлектері «Адал Ас» ұжымымен жүздесті

Ризашылыққа толы кездесу: Жас Абай мектебінің түлектері «Адал Ас» ұжымымен жүздесті

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 14 | 12.05.2026

Семей қаласында ерекше тағылымды кездесу өтті. Абай облысының шалғай ауылдарынан жиналған дарынды балалар білім алатын Жас Абай мектебінің түлектері ұлттық өнімдер шығаратын Адал Ас компаниясының ұжымымен кездесіп, шынайы алғыстарын білдірді. Жас Абай мектебі – ауылдан шыққан талапты әрі білімге құштар балалардың басын қосқан білім ордасы. Бүгінде мектепте 130-дан астам оқушы білім алып жатыр. Мектептің басты мақсаты – ауыл балаларына сапалы білім беріп, олардың үлкен өмірге нық қадам басуына мүмкіндік жасау. 

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша мектепті тәмамдаған түлектердің барлығы жоғары оқу орындарының грантын иеленген. Бұл – ұстаздар мен оқушылардың табанды еңбегінің жемісі ғана емес, сондай-ақ мектепке жанашырлық танытып жүрген серіктестердің қолдауының да нәтижесі. Солардың бірі – Адал Ас компаниясы. Компания ұжымы Жас Абай мектебімен тығыз байланыс орнатып, оқушыларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Олар балалардың тек білім алуына ғана емес, тәрбиесіне де ерекше мән береді. Оқушылардың табиғат аясында серуендеуіне, бос уақыттарын тиімді өткізуіне, мәдени іс-шараларға қатысуына жағдай жасап, рухани дамуына ықпал етіп келеді.

Осындай қамқорлықты сезінген мектеп түлектері арнайы келіп, компания ұжымына өз ризашылықтарын жеткізді. Кездесу барысында оқушылар концерттік бағдарлама ұсынып, туған жер, ата-ана, елге деген сүйіспеншілік пен алғысқа толы әндер орындады. Әсерлі кеш барысында компания басшылығына арнайы Алғыс хат табысталды.

Жылы жүздесуде жастар мен кәсіпкерлер арасындағы сыйластық пен сенім айқын көрінді. Бұл кездесу – білім мен тәрбиені ұштастырған игі бастамалардың қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.

Танымал өнімдер

Талқан

Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент

Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ

Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

  • Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол.
  • Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
  • Ағзаны токсиндерден тазартады.
  • Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
  • Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
  • Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

8 700 717 3485

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу