Ермек Мезібаев: Адал еңбек етіп жүрген Адал азаматтың табысы да Адал

Ермек Мезібаев: Адал еңбек етіп жүрген Адал азаматтың табысы да Адал

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: abaidan.kz | 524 | 02.09.2024

Ұлттық өнімдер өндіретін «ADAL AS»  компаниясының Құрылтайшысы Ермек Мезібаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан кейін  пікірімен бөлісті.

«Адам – басты капитал» деген ұстанымдағы серіктестік, жұмысшылардың лайықты еңбекақымен қамтылып, еңбек демалысын тиімді өткізулеріне ерекше көңіл бөледі. Мысалы, табиғат аясында тимбилдингтер ұйымдастырылып, «Қоңыр әулие» сияқты киелі жерге, Шошқалы көліне барып-келудегі шығындар толығымен серіктестік есебінен төленеді. Мәдени дамуға да мән беріліп, ұжым болып театрдағы түрлі қойылымдарды тамашалайды. Соңғы 3 жылда компанияда ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан 17 адам «Сарыағаш» шипажайында компания есебінен тегін демалып қайтты. 2023 жылы 3 адам Египетте және 3 адам Түркияда тынықты. Бұл еңбек адамына деген құрметтің үлгісі деп білеміз. 

Ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдардың қашанда құрметті, сыйлы болуы керектігі айтылған.  «ADAL AS»  компаниясының ұстанымы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бастысы – елімізбен бірге қарыштап дамуымыз керек. Ол үшін ел игілігі жолында адал кәсіп жасап жүрген жандардың еңбегін лайықты бағалап, қолдап отырсақ олардың да өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. 

Компанияда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де баса мән беріледі. Жұмысшылар тегін түскі аспен қамтылған. Түскен табысқа байланысты мүмкіндігінше сыйақы қарастырылады. Жыл соңында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша қомақты сыйақы беріледі. Жыл сайын 1-сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мен мектеп бітірген түлектерге қолдау көрсетіледі. Биыл республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында, компанияда еңбек ететін адамдардың балаларына оқу құралдары үшін қаражат бөлінді. Осылайша кеңсе тауарларын сатып алуға сертификат берілді. 

Танымал өнімдер

Талқан
Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент
Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ
Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі. Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді. Қан қысымын реттейді.

Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

WhatsApp

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу