Дәм мен дәстүрді тоғыстырған тосынсый

Дәм мен дәстүрді тоғыстырған тосынсый

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 11 | 13.05.2026

Қазақтың кең дастарханын бауырсақсыз елестету қиын. Ұлттың иісі аңқыған осы бір қарапайым ғана тағамның әр түйірінде мейірім, береке мен қонақжайлықтың табы бар. Бүгінде ұлттық өнімдерді заманға сай жаңғыртып, халықтың сүйікті асына айналдырып жүрген компаниялардың бірі – "Адал Ас" компаниясы. Әсіресе, олардың жұртшылық арасында кеңінен танылған ши бауырсақтары көптің көңілінен орын тапқаны анық. 

Қытырлақ дәмі мен тіл үйірер хош иісімен ерекшеленетін бұл өнім бүгінде мерекелік дастарханның да, күнделікті шайдың да сәніне айналды. Үлкен де, кіші де сүйсініп жейтін ши бауырсақты көргенде, көз алдыңа  әженің жаңа піскен бауырсағы  елестейді. Дәстүрдің дәмін жоғалтпай, оны жаңа сипатта ұсына білген компанияның ерекшелігі де осында болса керек. Алайда “Адал Ас” тек дәммен ғана шектеліп отырған жоқ. Компания жуырда тұтынушыларына ерекше қуаныш сыйлайтын жаңа бастаманы қолға алды. Енді ши бауырсақ қораптарының ішіне арнайы сыйлықтар жасырылып, сатып алушыларға тосынсый жасалуда. 

Бұл — қарапайым өнімді шағын мерекеге айналдырған тың идея. Кейде адам қуанышты күтпеген жерден табады емес пе? Бір қарағанда, кәдімгі ғана бауырсақ қорабы. Бірақ оның түбінде кішкентай бақыттың белгісіндей сыйлық жатуы мүмкін. Сондықтан егер сіз әлі “Адал Ас” ши бауырсақтарын қораппен алып көрмеген болсаңыз, қаптаманың ішіне үңіліп қарауды ұмытпаңыз. Бәлкім, сізді де ерекше сый күтіп тұрған шығар.

Танымал өнімдер

Талқан

Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент

Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ

Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

  • Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол.
  • Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
  • Ағзаны токсиндерден тазартады.
  • Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
  • Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
  • Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

8 700 717 3485

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу