Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 24 | 20.08.2025
Қазіргі жаһандану дәуірінде табиғи, таза өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Осы орайда, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, халал, табиғи өнім өндіруді мақсат еткен «Адал ас» компаниясы өз жұмысымен халықтың ықыласына бөленіп отыр. Алайда бұл табыстың артында маңдай термен келген адал еңбек пен ұйымшыл ұжымның қажырлы еңбегі тұрғанын біреу білсе, біреу біле бермейді.
«Адал ас» компаниясының басты ерекшелігі — береке-бірлігі жарасқан ұжым. Әр қызметкер өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, бір-біріне сүйеу, серік бола біледі. Бір мақсат, бір мүдде аясында жұмыла жұмыс істеген жандар қандай да бір істі табысты аяқтамай тынбайды. Бұл — кез келген ұжымға үлгі боларлық жағдай.
Қызығы, олардың еңбекке деген құлшынысы мен жауапкершілігі соншалық, кейде тіпті таңға дейін жұмыс істеп, бір сәтке де шаршап-шалдығу дегенді білмейді. Себебі олар өз ісін жүрек қалауымен, адал ниетпен атқарады. Көңіл күйлері әрдайым көтеріңкі. Осындай оң көзқарас, бірлік пен адалдық кез келген істің берекесін арттыратыны белгілі.
Бұл ұжымның күнделікті тіршілігі – «Адал еңбек – адамның ар-ожданы» деген сөздің айқын көрінісі. Тек табиғи, таза өнім ұсынып қана қоймай, халал өндірісті халыққа жеткізуді өмірлік мұрат еткен бұл жандардың еңбегі нағыз ел игілігі үшін жасалып жатқан іс.
Қазақ халқы ежелден адал еңбекке ерекше мән берген. «Адал ас – адал ниеттен» демекші, «Адал ас» компаниясының әрбір өніміне сол ұжымның маңдай тері мен шынайы ниеті сіңген. Бүгінгі қоғамда осындай адал еңбек етіп жүрген ұйымдардың көбейгені – ел дамуының жарқын кепілі.
«Адал ас» компаниясы – тек өнім өндіретін мекеме ғана емес, ұлттық рух пен еңбекке деген сүйіспеншіліктің, ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің нағыз үлгісі. Осындай ұжымдардың көбеюі – ел ертеңіне сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.
Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі. Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді. Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ