Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 28 | 05.09.2025
Тіл-татулық туы фестивалі аясында өткен "Жарнама – тіл тазалығының көрінісі" атты облыстық байқауда "ADAL AS" компаниясы жоғары нәтиже көрсетіп, "Сауатты жарнама" аталымы бойынша марапатқа ие болды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптегені үшін компанияға "Үздік ұлттық нақыштағы атау" сертификаты табысталды.
Бұл байқау – жарнама саласындағы тіл мәдениетін көтеру, ана тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған игі шара. Қазақ тілінің көркемдігін, сауаттылығын жарнама арқылы көрсету – қазіргі қоғам үшін маңызды мәселенің бірі. Осы тұрғыда "ADAL AS" компаниясы жарнамада тіл тазалығын сақтап қана қоймай, ұлттық нақышты ұтымды қолдана білгендігімен ерекшеленді.
Компания ұсынған өнімдердің атауы мен жарнамалық материалдары – мемлекеттік тілдің нормаларына толық сай, мазмұндық және көркемдік тұрғыдан сапалы екені жоғары бағаға ие болды.
"ADAL AS" – тек дәмді әрі сапалы өнім өндіретін ғана емес, ұлт болмысын ұлықтайтын атаулар мен жарнамалар жасау арқылы мәдениетті тұтынушыға жеткізетін жауапты компания екенін тағы бір дәлелдеді.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.
Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі. Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді. Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ