«АДАЛ-АС TRADE» өнімдері Үкімет басшылығының назарын аударды

«АДАЛ-АС TRADE» өнімдері Үкімет басшылығының назарын аударды

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 31 | 17.06.2026

Абай облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Сапар барысында ол облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Семей қаласындағы Арбат алаңында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесін аралады. Көрмеде өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінде жұмыс істейтін кәсіпорындар өздерінің өнімдерін ұсынып, өндіріс мүмкіндіктері мен даму бағыттарын таныстырды. Жергілікті өндірушілердің қатарында ұлттық тағамдар мен табиғи өнімдер шығаратын «АДАЛ-АС TRADE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де болды. Компания ұсынған табиғи әрі сапалы ұлттық өнімдер Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің ерекше назарын аударды. Кәсіпорын өкілдері өндірілетін өнімдердің ерекшеліктері, шикізаттың табиғилығы мен сапа стандарттары туралы ақпарат берді.

«АДАЛ-АС TRADE» ұлттық дәстүрді сақтай отырып, экологиялық таза әрі тұтынушылар сұранысына сай өнімдер шығаруға басымдық береді. Компанияның басты мақсаты – отандық нарықты сапалы ұлттық тағамдармен қамтамасыз етіп қана қоймай, қазақтың дәстүрлі тағамдарын кеңінен насихаттау.Көрме барысында ұсынылған өнімдер өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін көрсетіп, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін айқындады. Мұндай іс-шаралар отандық өндірушілерді қолдауға және олардың өнімдерін кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

Абай облысында ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Өңір кәсіпорындарының жетістіктері мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланып, олардың өнімдері республика көлемінде танымал бола түсуде.

Танымал өнімдер

Талқан

Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент

Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ

Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

  • Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол.
  • Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
  • Ағзаны токсиндерден тазартады.
  • Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
  • Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
  • Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

8 700 717 3485

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу