«Адал Ас»: табиғи өнім өндірісіндегі серіктестік пен сапа үлгісі

«Адал Ас»: табиғи өнім өндірісіндегі серіктестік пен сапа үлгісі

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 37 | 16.04.2026

Абай облысында жұмыс сапарымен болған «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС делегациясы өңірдегі озық кәсіпорындардың бірі – «Адал Ас» компаниясының қызметімен танысты. Делегация құрамында «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Оразбаев Жұматай Зейноллаұлы, Семей филиалының директоры Сүйшінов Әнуарбек Қазисұлы және коммерцияландыру офисінің басшысы Құлмақов Асқар Жарасбайұлы болды.

Ұлттық өнімдер өндіруге бағытталған компания бүгінде табиғи таза әрі сапалы өнім шығару ісінде өзіндік орны бар өндіріс орнына айналып отыр. «Адал Ас» соңғы бір жылдан астам уақыт бойы ғылыми-зерттеу институтымен тығыз әріптестік орнатып, өндіріс процесіне ғылыми жаңалықтар мен заманауи технологияларды енгізіп келеді. Делегация мүшелеріне кәсіпорында өнім өндірудің жаңа әдістері көрсетіліп, сапаны бақылау жүйесінің жұмысы таныстырылды.

Кездесу барысында ғалымдар заманауи технологиялармен, атап айтқанда өнім өндірудің соңғы әдістері мен автоматтандыру жүйелерімен танысты. Сондай-ақ өнімдерді арнайы сараптамадан өткізетін зертхананың жұмысы көрсетіліп, өнімнің табиғи құрамын бұзбай, тұтынушыға таза күйінде жеткізу технологиялары түсіндірілді. Әсіресе, зертхананың жұмысы ерекше назар аудартты. Мұнда шығарылатын өнімдердің сапасы қатаң бақылаудан өтіп, олардың табиғи тазалығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде тұтынушыларға денсаулыққа пайдалы әрі сенімді өнімдер ұсынылады.

«Зертханалық бақылау мен ғылыми негізделген тәсілдер өнімнің сапасын арттырып қана қоймай, оның экологиялық тазалығын сақтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті делегация мүшелері.

Кездесу барысында дәрумендермен байытылған табиғи өнім түрлерін көбейту, сондай-ақ отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды. Бұл бағытта «Адал Ас» компаниясы ғылым мен өндірісті ұштастыруға ерекше мән беріп отыр. Компания басшылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен жобаларды одан әрі жалғастыруға дайын екенін білдірді. Мұндай серіктестік өндіріс сапасын арттырып қана қоймай, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де оң ықпал етеді.

«Адал Ас» бүгінде тек өнім өндіруші ғана емес, сапа мен сенімнің символына айналып келе жатқан кәсіпорын ретінде танылып отыр.

Танымал өнімдер

Талқан

Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент

Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ

Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

  • Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол.
  • Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
  • Ағзаны токсиндерден тазартады.
  • Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
  • Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
  • Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

8 700 717 3485

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу