Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 35 | 02.04.2026
Білімді аккредитациялау бойынша Орталық Азия қауымдастығының сарапшысы Л. Каймбаева және өңірдегі ірі серіктестердің бірі – Шәкәрім университеті азық-түлік өнімдері кафедрасының оқытушылары Г. Нұрымхан мен Б. Кулуштаева “Адал Ас” компаниясында арнайы іссапармен болды.
Сапар барысында қонақтар ұлттық тағам өнімдерін өндіруге бағытталған цехтардың жұмысымен жан-жақты танысты. Өндірістік процестердің заманауи технологиялар негізінде ұйымдастырылуы, өнім сапасын бақылау жүйесі және санитарлық талаптардың сақталуы мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Сонымен қатар, олар компания зертханасында жүргізілетін талдау жұмыстары мен өнім сапасын анықтау әдістерін бақылап, тәжірибелік тұрғыда пікір алмасты.
Кездесу барысында өндіріс пен білім беру саласының өзара байланысын нығайту мәселелері де талқыланды. Университет оқытушылары үшін мұндай тәжірибелік сапарлар студенттердің білімін жетілдіруге, оқу бағдарламаларын өндірістің нақты талаптарына бейімдеуге үлкен мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Өз кезегінде “Адал Ас” компаниясының өкілдері жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдіріп, болашақта бірлескен жобалар мен тәжірибелік бағдарламаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Аталған іс-шара білім мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, отандық азық-түлік өндірісін дамытуға оң серпін беретіні сөзсіз.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.