Категория: БАҚ біз туралы | Автор: abaidan.kz | 428 | 14.11.2024
Ұлттық өнімдер өндіретін "ADAL AS" компаниясында «Respublica» Партиясы» ҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы -Алмас Айтмұқаш, Абай облыстық мәслихатының депутаты -Арман Ахметқанов пен Семей қалалық мәслихатының депутаты Асқар Абдуллин болды. Биыл ұлттық өнімдер өндірумен елімізге кеңінен танымал компанияға - 15 жыл! Өндірістік компанияның мақсаты - жасанды қоспасыз экологиялық таза өнімнен ұлттық тағамдарды өндіру. Ұлттық тағамның құндылығы мен құнарлылығын халыққа насихаттау, сапасын арттыру. Компанияда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де баса мән беріледі. Жұмысшылардың еңбек етуіне барлық жағдай жасалған.
Кездесу барысында қонақтар партияның қызметі, ұстанған бағыты туралы айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Компания қызметкерлері депутаттарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауап алды. Соңында ұйым мүшелеріне партия билеттері табыс етілді.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.
Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі. Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді. Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ