«ADAL AS» компаниясының басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына қатысты

 «ADAL AS» компаниясының басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына қатысты

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: abaidan.kz | 381 | 16.11.2024

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына «ADAL AS» компаниясының құрылтайшысы Ермек Мезібаев та қатысты. Ұлттық өнім шығаратын компанияға биыл 15 жыл! Осы уақыт аралығында 100-ге жуық табиғи таза өніммен халықты қамтамасыз етіп келеді. Заман талабына сай жаңа өнімдер де шығаруда. Соның бірі - "AS TAL" коктейлі. Денсаулыққа пайдалы өнім қазірде тұрғындар сұранысына ие.

Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мал баққан шаруа мен жер емген диқан жиылды. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады.

Екі мыңнан астам делегаттың басын қосқан форум сала қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында өтіп отыр. Әрі елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Ол науқанның кесірі аз емес. Ал пайдасы – Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі ең астықты елдің біріне айналғаны. Форумда сөз алған президент осыған мән берді. Биыл түрлі қиындыққа қарамастан қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 млн тонна дақыл жиналды. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш ,-деді президент. 

Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды.

Бұдан бөлек, Президент ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады. Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған. Мемлекет басшысына егін және мал шаруашылықтарындағы, басқа да маңызды бағыттардағы инновациялық шешімдер мен жетістіктер таныстырылды.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам адам жиналды. Іс-шараға агрохолдингтердің өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар қатысты.

Танымал өнімдер

Талқан
Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент
Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ
Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі. Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді. Қан қысымын реттейді.

Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

WhatsApp

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу