Категория: БАҚ біз туралы | Автор: abaidan.kz | 396 | 03.11.2024
Таяуда «ADAL AS» компаниясында Алматыдағы Кайдзен орталығының мамандары болып, тәжірибелерімен бөлісті. «Кайдзен» жапон тілінен аударғанда "жақсылыққа бағыт алу, өзгеру" дегенді білдіреді. Бизнестегі "кайдзен" ұғымы — сатылым, басқару мен өндіріс саласын жетілдіру. Бұл үрдіске басшыдан бастап, қатардағы қызметкер де атсалысады. Басты идеясы — күннің текке өтпеуі. Ал, мақсаты — шығынсыз өндіріс.
«ADAL AS» компаниясындағы алғашқы күні бауырсақ цехындағы жұмыс барысы толығымен видеоға түсірілді. Ұжым болып жұмыста кездесетін мәселелер талқыланды. Екінші күні түсірілген видеоларға талдау жасалды. Командамен бірге секундтар саналып, хронометраж мәліметтерімен карта толтырылып, диаграмма жасалды. Нәтижесінде жұмыс барысындағы шығындар анықталды.
Айта кетерлігі, «Адал Ас» компаниясы Жапонияның Кайдзен жүйесін 5 жылдан астам уақыттан беріқолдануда. Бұл өндірісті үздіксіз жетілдіруге, жұмысты барынша жеңілдетуге және сапаға назар аударуға бағытталған. Биыл ұлттық өнім өндіретін компанияға 15 жыл.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.
Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі. Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді. Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ