«Адал ас» компаниясы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

«Адал ас» компаниясы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 36 | 25.04.2026

Ұлттық өнімдер өндіретін «Адал ас» компаниясы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған шараға компания қызметкерлері белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында ұжым тек сыртқы аумақты ретке келтірумен шектелмей, компания ғимаратының ішін де толықтай тазалап, жуып-шайып шықты. Қызметкерлер жұмыс орындарын ретке келтіріп, өндірістік және әкімшілік бөлмелерде санитарлық тазалықты қамтамасыз етті. Сонымен қатар, ғимарат айналасы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар ұжымдық рухты нығайтып қана қоймай, әр қызметкердің тазалыққа деген жауапкершілігін арттыра түседі. «Адал ас» ұжымы экологиялық бастамаларды қолдауды өздерінің әлеуметтік міндеті деп санайды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы еліміз бойынша кеңінен қолға алынған маңызды бастамалардың бірі. Бұл акция аясында түрлі ұйымдар мен мекемелер сенбіліктер өткізіп, табиғатты қорғауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға атсалысып келеді. Абай облысының әкімі Берік Уәли өңір халқын акцияны қолдауға шақырып үндеу жариялаған болатын.

Осындай игі істер қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттырып, болашаққа таза әрі жайлы орта қалыптастыруға негіз болады.

Танымал өнімдер

Талқан

Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент

Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ

Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

  • Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол.
  • Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
  • Ағзаны токсиндерден тазартады.
  • Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
  • Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
  • Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

8 700 717 3485

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу