Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 5 | 19.09.2025
Ұлттық өнімдер шығаратын "Адал Ас" компаниясы жыл сайын тұрақты еңбекақыдан бөлек, жұмысшыларды ынталандыруға бағытталған бірқатар игі шараларды жүзеге асырып келеді. 2025 жыл да бұл тұрғыда ерекше бастамалармен есте қалмақ.
Компания табысына байланысты жыл ішінде бірнеше рет сыйақы үлестіріліп, қызметкерлердің еңбегі әділ бағаланып келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілік аясында мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларға да қолдау көрсетіліп, түрлі көмектер ұйымдастырылды.
Соңғы үш жылда "Адал Ас" ұжымы үшін дәстүрге айналған тағы бір ерекше бастама – өз ісіне адал, табанды жұмысшыларғашетелде тегін демалу мүмкіндігін ұсыну. Бұл – тек қана марапат емес, сонымен қатар ұжымішілік ынтымақты арттырып, адамдарды еңбекке шабыттандырудың тиімді жолы.
2025 жылдың көктемінде Кирилл Фролов пен Ерлан Рахимов Египетте демалып қайтса, енді бұл мүмкіндікті бауырсақ цехының жұмысшылары – Мархабат Жылгелдинова, Жанар Князбаева және Жазира Андасова иеленіп отыр. Олар алдағы уақытта Дубайға жол тартпақ.
“Осындай қуанышты жаңалыққа әріптестеріміз үшін біз де шын жүректен қуанамыз! Бұл бастама – компанияның еңбекті бағалау жолындағы нақты қадамы, әрі әр қызметкерге көрсетілген құрмет,” – дейді компанияның HRдиректоры Рысгүл Мадвасова.
"Адал Ас" компаниясының басты ұстанымдарының бірі – адам капиталын дамыту мен қолдау. Тек сапалы өнім шығару ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын жақсарту – компания басшылығының басты назарында.
Осындай нақты істер мен игі бастамалар "Адал Ас" компаниясын тек сенімді өнім өндіруші ғана емес, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, адал еңбекті бағалай білетін кәсіпорын ретінде танытып отыр.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.
Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі. Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді. Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ